МТРА жаңалықтары

Петропавлға Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры келді

Әсіресе, жастардың бойын улап, сана сезімі қалыптаса қоймаған жандарды жихат жасауға шақырады. Дәстүрлі діннің емес, теріс пиғылды ағымның арбауына қойылымда басты рөлді сомдайтын Гүлнұр есімді кейіпкер де түседі.

Айна Жүнісова- Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық- драма театрының әртісі:

 


–  Менің кейіпкерім Гүлнұр осы өмірде адасып, басқа жолға түсіп кетеді. Қазіргі жастарға үлкен сабақ беретін пьеса. Тәрбие беріп, оларды адастырмайды.

Жұбайы Асқармен бірге Таяу шығыс елдерінде сауда-саттықпен айналысады. Кейін туған елі- Қазақстанға келгенде оларды жақындары мүлде танымай қалады. Бет ауызын тұмшалап, қара жамылған қыздарына ата-анасы мұның дұрыс еместігін айтып, түсіндіруге тырысады. Алайда оларды тыңдамаған Гүлнұр жалғыз қызы- Жанарды да өзімен алып кетеді. Тек шетел асып, Сирияға келгенде ғана ол шырмауға түсіп қалғанын түсінеді. Алайда кері баратын жол жоқ. Бәрі кеш. Отағасы Асқарды вахабистер кезекті жихат жасауға жұмсайды. Ал қызы- Жанарды болса, сектадағылар тоқалдыққа сатып жібереді. Ал Гүлнұрдың өзі жындыханадан бірақ шығады. Осылай теріс пиғылды ағымның жетегінде кеткен бір отбасының шаңырағы шайқалады.

Әлем халқын алаңдатып отырған терроризмнің тартқызар қасыретін көрсеткен Мұратбек Оспановтың режиссерлығымен сахналанған қойылым көрермен көңілінен шықты.

– Мағынасы мол. Теріс жолдан адаспай, ақ пен қараны ажыратуға көмектеседі. Өзіме ұнады.

– Жиі-жиі осындай көріністер болып тұрса, жастар үлгі-өнеге алар еді. Өте жақсы спектакль болды.

– Біз өте ризамыз. Осындай қойымлымдарды жастарымызға көрсете берсін.

«Жан шырылы» қойылымы осыған дейін Астана,Степногорск қалаларында көрсетілген.

Фархадбек Қанафин- Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық- драма театрының көркемдік жетекшісі:


–  Бір отбасының тағдыры арқылы, бүкіл әлемдегі проблеманы көрсетуге тырыстық. Режиссер да сол тұрғыда жұмыс істеген.

Осы замнның ащы шындығын суреттейтін қойылымда 30 әртіс ойнады.

Магжан Ахмадина

ss=MsoNormal style=’margin-bottom:0cm;margin-bottom:.0001pt;line-height: normal’>Риат Шони