МТРА жаңалықтары

Балалардың жазғы сауықтыру лагерлері маусымның 10-ы жұмысқа кіріседі

 

Мұнда абаттандыру шаралары жүргізіліп, 4 корпус, асхана мен медициналық пункт қалыпқа келтірілуде. 9 құрылыс компаниясы шаруаны уақытылы, яғни маусымның 1-не дейін аяқтауы тиіс.

Кішкене балғындар демалатын корпус бүгіндері толық дайын. Ал қалғандарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сырлау, әктеу шаруаларынан бөлек, биыл мұнда жаңа енгізілген санитарлық талаптарға сай, су тарту шаралары да қолға алынған.

Болат Жанғожинов- «Планета» туристік орталығының директоры:

– Скважина тартып жатырмыз. Тағы жаңа санитарлық талаптарға сай дәретхналар мен душқа арналған кабинкалар орнатылды. Қол жуығыштар жасалып, оларда ыстық су барлығы болады. Біздің орталыққа «Ақ қайыңнан» бөлек тағы «Достық» лагері кіреді. Онда да осындай шаралар жасалуда. Тағы Достықта біз жаңа корпус салып жатырмыз. Жалпы біздің қарамағымыздағы екі демалыс орнын жөндеуге 30 млн теңге қаржы жұмсалды.

Ал мына корпустың сырты өзгерелі сияқты металлсайдингпен қапталып жатыр. Қазір мұнда ағымдағы жөндеу 90 пайызға тындырылыпты. «Ақ қайың» лагері бір маусымда 182 баланы қабылдайды.

Болат Жанғожинов- «Планета» туристік орталығының директоры:

– Бір-екі күнде масаларды улау шаралары жүргізіліп, жиһаздар орнатылады. Тәрбиешілер мен медициналық қызметкерлер де дайындықтан өткізілген. Балаларды қызықты бағдарламалар күтіп тұр. Биыл олар үшін қазақ тілімен қатар, ағылшын тілі де оқытылады.

Жалпы «Ақ қайың» лагерінде жазғы маусымда 1800-ден астам бала дем алмақ. Биыл мұндағы жолдама құны-20 мың теңге тұрады.

 

Магжан Ахмадина