Көлік және жолдар

Ағымдағы жылы Петропавлда 56 шақырым жол жөнделмек

 

Ағымдағы жылы оның 56 км-нде жөндеу жүргізіледі деп жоспарланған. Мәселен, «Су-808» серіктестігі таңнан бері Әуезов-Заводская көшесінде жаңа асфальт төсеуде.

Мұндай қызу жұмыс тағы облыс орталығының Абай, Уалиханов және Труд көшелерінде жүргізілуде. Жалпы бұл мақсатқа бюджеттен 1 млрд 438 млн теңге қаражат бөлінген.

Сейілжан Тастеміров – Петропавл қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:


–  Қаржы бөлу биыл былтырғы жылғы деңгейінде қалып отыр. Қазір қала көшелерінде топырақты жолдарда тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Ең бастысы бұл жұмыстар саяжайға баратын жолдарда атқарылып жатыр. Сонымен қатар, Жұмысшы кенті мен Новопавловка кентінің жолдары дайын.

Біз темір тұлпар тізгіндеген жерлестеріміздің де пікірін тыңдап көрдік. Олар Береке ықшам ауданы мен Жұмысшы кентіне қатынайтын жолдардың тозығы жетті деп отыр. Жол сапасыз болғандықтан автокөлік те жылдам істен шығады. Тұрғындар қазір көшелерде күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар тоқтап қалмаса екен дейді.

–  Бірінші Пархоменко көшесін жөндеу керек. Жалпы қаламыздың жолдары жақсы. Жыл сайын жөнделіп тұрады.

 

– Қалада әлі жөндеуді қажет ететін көшелер баршылық. Біз салықты не үшін төлеп отырмыз.

Биыл облыс орталығының 68 көшесінде қиыршық тас төселеді. Ал тағы 25-нің ойылып кеткен тұстары жамалады.

Айгерим Ержанова