Мәдениет

ҚР Халық әртісі Л.Ванюкова 70 жаста

Бірақ, бұл – ізгі іспен айналысатын қайырымды жандар біріккен агенттік болатын. Олар әрқашан түрмеде отырған жандарға жылулық силап, шалыс басқан балаларға астыртын көмек көрсететін. Бұл жолы қызметкерлер мүлде басқа операцияға кірісті. Ол – 20 жыл бұрын кетіп қалған немересін күткен әжейдің арманына қол жеткізу еді. Оның қайтыс болғанын білмейтін кейуана бір қауышсам деген тілекпен өмір сүрді. Әжейдің рөлін ҚР халық әртісі Людмила Ванюкова сомдауда.

«Дерево умирают стоя» – испан драматургы Алехандро Касонаның еңбегі. Қойылым өткен ғасырда үлкен танымалдыққа ие болған. “Сондықтан оны бүгінгі қала жұртышылығының назарына ұсыну үшін көп тер төктік. Үлкен дайындықты талап етті дейді”, қоюшы режиссер.

Тимур Кәрімжанов, Н.Погодин атындағы орыс драма театрының қошы-режиссері:
–  Бұл әлемдік драматургиядағы үздік қойылымдардың бірі. Махаббат пен сүйіспеншілік жайында. Оны көріп отырып жамандық пен жақсылықтың егіз екенін аңғаруға болады. Сондықтан дайындық барысында әртістердің барлығы да ізденісте болды. Ал, Людмила Николаевнамен жұмыс жасау тіпті керемет. Көп жылдық тәжірибесі бар әртіс алтын толы сандық сияқты.

Қойылымда комедияның да драманың да ұшқыны бар. Әртістердің кәсіби шеберлігінің биіктігі болар, көрермендер бір күліп, бір жылады.

– Алған әсерім керемет. Жоғары дәрежеде өтіп жатыр. Басты рөлдегі Людмила Ванюкованың өнеріне көп жылдан бері тәнтіміз. Керемет актриса.

– Ұнады. Өмірдің ашшысы мен тұщысы араласқан спекталь. Көңілім босап кеткен жерлері де болды.

Қойылым соңында әже мен өзін немерсімін деп таныстырған бейтаныс жігіт расымен де жақын адамдардай болып кетеді. Айту керек, спектальдің бүгінгі тұсау кесері Халық әртісі Людмила Николаевнаның 70 жасқа толған туған күнімен орайластырылған. Бұл ретте облыс әкімінің құттықтауын орынбасары Анархан Дүйсенова жеткізді.

Анархан Дүйсенова, Облыс әкімінің орынбасары:


– Облыстағы мәдени саланың дамуына бар күш-жігеріңізді салдыңыз. Кейінгі толқын өкілдері де сізге қарап отан сүйгіштік пен махаббат сынды қасиеттеріңізді бойына сіңіріп, сізден үлгі-өнеге алады.

Актрисаны өзге де әріптестері мен замандастары құттықтап жатты. Кеш мрекелік бағдарламаға ұласты

Акбопе Танирберген