МТРА жаңалықтары

Петропавлда төленбеген алименттер сомасы 60 млн теңгеге жеткен

 

Осылайша шараны ұйымдастырушылар петропавлдықтардың назарын бұрып, ата-аналық міндеттері жайында ой тастағылары келген екен.

Данара Ағатаева:

– Мен бүгінгі шараға қатысып жатырмын. Алимент төлемейтін адамдар балалары жайлы ойласа екен деймін.

Баян Иманбекова:

– Ажырасқаннан кейін де ата-аналар балаларын ұмытпаса екен. Уақытылы алимент төлеп тұру керек қой.

Бүгінде өңірде алименттерді өндіріп алу туралы 3 270 құжат бар. Жалпы санағанда, бұл ата-аналардың өз балаларының алдындағы қарызы 60 млн теңгеден асып кеткен. Сот шығарған шешімді орындамағаны үшін 30 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айту керек, алимент төлемейтіндер тек әкелер емес. Олардың ішінде баласының болашағына алаңдамайтын 20 әйел де бар.

Анар Мұқашева, СҚО әділет департаменті алименттік төлемдерді өндіріп алу жөніндегі бөлімінің сот орындаушысы:

– Заң бойынша егер борышкер жұмыс істемейтін болса, республикалық орташа еңбекақының төртінші бөлігін төлейді. Ол ай сайын өзгеріп отырады. Мәселен бүгін, бұл – 31 мың 200 теңге. Ал жұмыспен қамтылған болса құжатта көрсетілген сомманы толық төлеуі тиіс.

Кейін ұйымдастырушылар қала тұрғындарына жадынама қағаздарын таратты. Деседе, бұрылып келіп шараға қызуғышылық танытып жатқан қала тұрғындары көрінбеді.

 

Акбопе Танирберген