Ауыл шаруашылығы

Облыс әкімі Қызылжар, М.Жұмабаев аудандарындағы егін себу науқанымен танысты

Ал, оның 116 мың гектарын бидай құрайды. Қазірегістік жердің 40 пайызы игерілген. Мына жерде “Аби-Жер” серіктестігі көктемгі дала жұмыстарын жүргізуде. Алқаптың көлемі 14 мың гектарды құрайды. Танап басына 15-ші мамырда шыққан диқандар сұлы, бидай, зығыр, рапс дәндерін себуде.

Василий Черкасов, «Аби-Жер» ЖШС директорының міндетін атқарушы:


– Біз қазір зығырды сеуіп жатырмыз. Ол – 3200 га. Сұлыны егуге кейінірек кірісеміз. Ал, бидайды 4 мың га жерге егуді жоспарлап отырмыз. Майлы дақылдар егісті алқаптың жартысын алады. Жұмыстарды 4 маусымға дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатқан алқап басында өңір жетекшісі қызылжарлық диқандармен кездесті. Қолайлы ауа райын пайдаланып, дақылдарды дер кезінде егуді тапсырды.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

– Қазір облыс бойынша егіннің 31 пайызы себілді. Алдағы он күнде ауа райы жақсы, күн ашық. Тіпті, отыз градусқа дейін жылынбақ. Сондықтан, жұмыстарды тездеткен жөн. Биыл егін егу науқаны жақсы жүргізілуде. Шаруашылықтардың барлығы жұмысты жауапты атқаруда.

Биыл Қызылжар ауданының диқандары бір жылдық шөпке ерекше мән беріп отыр екен. Сондықтан, оған тиесілі алқапты 10 мың га жерге ұлғайтқан.

Кейін Ерік Сұлтанов Мағжан Жұмабаев ауданына тиесілі танап басына барды. Бұл жерде де ауыл шаруашылығы саласы мамандарымен кездесті. Аграрийлер бар техниканы алқаптарға шығарып, қызу жұмыс атқаруда.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

 


– Шілде айынан бастап өңірімізде К-704 тракторы шығарылады. Бұрынғы Киров зауытында емес, жаңадан ашылады. Биыл 20-30 техника шығару жоспарда бар. Құны – 30 млн теңге. Бұл отандық өнім болғандықтан, қуатты болады.

Еңбек етемін деген азаматтар үшін, қазір барлық жағдай жасалған”, деді өңір жетекшісі. Сондықтар диқандар қолда бар мүмкіндікті барынша пайдалануы керек.