МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлер палатасының қолдауы

Игорь Бухонин – “Риск” кәсіпкерлер одағы” ҚБ төрағасы:

– Оған сай, жыл сайын алкоголь өнімін саудалайтын кәсіпкер 100 АЕК көлемінде қаржы төлеу керек болды. Ал жылдан-жылға ол сома артып отырады. Салдарынан көбі кәсіпкерлік ісін тоқтатып, жабылып қалып жатыр. Оның үстіне 2015 жылдан бастап осы лицензиялық төлемді өтемеген бизнес субъектілеріне тағы айыппұл салынатын болады.

Айыппұлдың сомасы – 150 АЕК көлемінде. Сонда барлық өтелуі тиіс соманы ғана қосқанда кәсіпкерлер 720 мың теңгеден астам қаржы төлеуі тиіс. Бүгіндері теріскейлік 150 кәсіпкер осы төлемдерді өтемеген. Олардың қарызы 11 млн теңгеден асып жығылады. Сондықтан, олар қолдау сұрап облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

Мұрат Жәкенов – СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:


–  Бізге 20-ға жуық кәсіпкер шағымданды. Олардың кейбірі бұл өзгеріс шықан соң бір-екі айдан кейін жабылып қалса да лицензиясын тапсырмаған үшін бір жылға төлемдерді жасау қажет. Әрине, бұл әділетсіздік. Оның үстіне ірі сауда орындары мен кішігірім дүкендер үшін бұл алым мөлшері бірдей.

Сондықтан, кәсіпкерлер алкогольдік өнім үшін төленетін жыл сайынғы лицензиялық алымдар алынып тасталса дейді.

Арсланбек Рахметов- СҚО мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

 

– Өздеріңіз түсінетін шығарсыздар, бұл заң болғандықтан оған қарсы шыға алмайсыз. Бізде ай сайын үйлестіру кеңесі өтіп тұрады. Осы мәселемен сол жиынға келіп, өтінім жасауға болады.

Бизнесмендердің бұл ұсынысы алдағы уақытта ұлттық кәсіпкерлер палатасында қарастырылып, республикалық деңгейде шешілетін болады.

Магжан Ахмадина