МТРА жаңалықтары

Елімізде Мемлекеттік рәміздердің ұлттық стандарты енгізілді

Олар Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай қалаларында орналасқан. Біздің өңірде ел нышандары шығарылмағанымен, аталған облыстардан әкелінеді. Ал қаламызда олардың барлық ұлттық стандарт талаптарына қаншалықты сай екені тексеріледі.

Бейбіт Әбілев – Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

– Біздің ең бірінші Мемлекеттік рәміздерді істейтін кәсіпорындарды қараймыз. Өңірде болмағандықтан, біз басқа кәсіпорындар келген рәмәздерді стандартқа сай жасалғанын қараймыз. Біз нышандарды арнайы талаптармен тексереміз.

Еске сала кетейік, 2015 жылы 1 маусымда ҚР Мемлекеттік Елтаңбаның жаңа стандарты күшіне енген болатын. Сондықтан барлық жерлердегі аталған нышанның ескі үлгісінің орнын жаңасы басуы керек. Бұл үшін 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін уақыт берілген.

Бейбіт Әбілев – Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы

– Елтаңбамызға көптеген өзгешеліктер енгізілген болатын.Енгізу бойынша арнайы комиссия құрылған болатын.Комиссия құрамында Елтаңбанының авторы болған болатын. Ол оның әр түр детализациясын жасап,түр-түсінің гаммаларын байқап енгізген.

Ал, мемлекеттік нышандарды жаңасына ауыстырмаған мекемеге 50 мен 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Тоғжан Ақмағамбетова