МТРА жаңалықтары

Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесі өтті

Алтай Тезекпаев- СҚО ТЖД жедел құтқару жасағының бастығы:

-Адамдар суда жүргенде қарапайым ережелерді сақтамайды. Мысалы, 75 пайызы мас күйінде шомылғандықтан. Тағы суға түскенде арнайы құрылғылармен жабдықталмайды. Кей жағдайларда ата-аналар балаларына жөнді қарамайды. Тағы жыл мезгіліне қарамастан балық аулауға шығатындар да ережелерді ескермей ажал құшып жатады. Биылдың өзінде 1 адам суға кетіп отыр.

Облыс аумағында 38 жағажай бар екен. Алайда солардың тек 6-нда ғана арнайы белгілер орнатылып, құтқару және медициналық бекеттермен жарақталған екен. Олардың өзі Петропавл қаласы мен Қызылжар және Есіл аудандарында. Нақ осы кезде ал қалған демалыс орындарының жағдайы қандай деген заңды сауал туындайды.

Степан Зайтлер- СҚО прокуроры:

-Кей елді-мекендерде жағажайларды табу қиын. Арнайы белгілермен көрсетілмеген. Көбінде өзен-көлдердің қайсысында суға түсу қауіпті, қай учаскелер терең, шұңқыр ойықтар бар ма, жоқ па сондай қарапайым ақпараттар берілмейді. Саяхаттап барған жандар ондай нәрселерді қайдан білсін. Осыны ескеру керек қой.

Арнайы белгілердің орнатылмауын құтқарушылар қаржы жетіспеушілігімен түсіндірді. Бұл олардың жергілікті билік өкілдерімен қоян-қолтық жұмыс жасамайтындығын ғана көрсетеді. Өйткені олар мәселені шешу үшін жауапты ведомстваларға тіпті өтініш те түсірмеген. Бұл да төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жұмысындағы шикілікті көрсетеді.

Мұхтар Манкееев- СҚО әкімінің орынбасары:

-Маусым айының 10-нан туризм апталығын өткіземіз. Сонда өзге аймақтардан, көршілес Ресейден меймандар келеді. Осыған дейін барлығын бір ретке келтіруге тырысамыз. Ал аудандарда медициналық, құтқару бекеттерінің болмауы бұл әрине өкінішті. Мәселені аудан әкімдерімен шешеміз.

Құтқарушыларды осылай жерден алып жерге салған кеңес мүшелері кейін тағы атқарушы өндірістік істерді орындау барысында туындайтын проблемаларды талқылады. Жиын қортындысы бойынша жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар берілді.

 

 

 

Магжан Ахмадина