МТРА жаңалықтары

Петропавлда облыс кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы форумы өтті

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

-Біз бүгінгі жиын бизнеске ықпал ететін әкімшілік кедергілерді талқылаймыз. Заңсыз тексерулер туралы да сөз қозғалады.

Қазіргі таңда өз кәсібіңді ашуда мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар. Мәселен, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы 2010-шы жылы іске қосылды. Осы күнге дейін жоба аясында өңірде сомасы 99 млрд теңге болатын 750 өтініш мақұлданды. Енді бизнес субъектілерінің өз ісін өрге еш кедергісіз домалатуы керек. Бұл ретте осындай кездесулердің өткендігі дұрыс дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Ысқақов.

Тұрар Ысқақов – СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:

-Сыбайлас жемқорлықпен күресуде біздің палата ауқымды жұмыс жасайды. Түрлі механизмдерді қолдана отыра, сол бағытта іс атқарамыз. Қоғамдық кеңес, кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі сынды ұйымдармен бірігіп түйткілді мәселелерді шешеміз. Себебі бизнес субъектілерінің ісін өрге домалатуда кедергілер болмауы керек.

Жиын соңында форумға қатысқан кәсіпкерлер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауап ала алды.

 

 

Риат Шони