МТРА жаңалықтары

Петропавлда ЕҚЫҰ ақпаратқа қолжетімділік пен қоғамдық кеңестер бойынша семинар басталды

Мария Дубовицкая – Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің саяси мәселелер жөніндегі ұлттық үйлестірушісі:

-Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң кез келген азаматқа оған керекті ақпаратты алу үшін ғана жұмыс істемейді. Әрине, бұл құжаттың маңызды бөлігі болып саналады. Сондықтан, билік басындағылар өздері атқарып жатқан шаралар туралы мәліметті жұртшылыққа белсенді таратып отыруы керек.

Тренингке облысымыздың қоғамдық кеңес мүшелері де қатысты. Оларды қызықтырған тақырып мемлекеттік мекемелер қызметі жөніндегі ақпаратты көпшілікке жариялау әдістері болды.

Руслан Растенов – Қызылжар ауданы қоғамдық кеңесінің хатшысы:

-Біз өзіміз жүргізетін шаралар туралы барлық ақпаратты БАҚ мен «Нұр Отан» партиясының сайты арқылы таратамыз. Үлкен жиындар әлі өткізген емеспіз. Дегенмен, жоспарда бар. Біздің жұмысымыздың одан әрі өркендеуіне бүгінгі семинар өз септігін тигізеді деген сенімдемін.

Сондай-ақ, жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысып, солтүстікқазақстандықтарға “қоғамдық кеңестің” атқаратын қызметтері мен олардың тиісті міндеттерін нақтылап айтып берді. Бүгінде біздің өңірде аталған ұйымның 15-і жұмыс жасауда.

Марат Бопазов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 

-Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамда болып жатқан жағдайды жеткізуші ұйым. Олардың ұсыныс-тілектері жоғары басшылыққа жеткізіледі.

Семинардың екінші кезеңі тренинг түрінде мамырдың 20-сы күні жалғасатын болады. Айту керек, Петропавл – мұндай жиын өтіп жатқан екінші қала. Біріншісі Шымкентте ұйымдастырылған болатын.

Айгерим Ержанова