МТРА жаңалықтары

20 мамыр – Дүниежүзілік метрология күні

Бейбіт Әбілев – ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

-Метрология саласының адам өмірінде маңызы зор. Уақыт болсын, қай жерге барамыз, қай саланы алмасақ та өзінің өлшем бірліктері бар. Мысалы, медицинада, жол құрылысында, тіпті күнделікті өмірде барлығын уақытпен істейді. Осының барлығы өлшем. Бәрі метрология саласына жатады.

Кеңестік кезеңде еліміздің өзіне тиесілі эталондары болған емес. Тек тәуелсіздік алған уақыттан бастап жазыла бастады. Қазір өлшем құралдарының саны 100-ден асады. Ал елордамыз – Астана қаласында Орталық Азиядағы жалғыз «Эталон орталығы» құрылды.

Бейбіт Әбілев – ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

-Осы ғимаратта Қазақстанның өзінің уақыт өлшемі бар. Бұрын біз басқа елдерге қарап, уақытты дұрыстап отырсақ. Енді сол орталық арқылы салыстырып отырады. 25 жылдың ішінде осы эталондық орталықта құралдар мен жабдықтар пайда бола бастады.

Петропавлдағы 2-ші ЖЭО жуырда өзінің тексеріс зертханасын ашқан. Мұнда бүгіндері 4 маман жұмыс істейді. Олар мұндағы жылу және электр энергиясы құралдарының дұрыстығын қадағалайды.

Салават Галлямов – «Севказэнерго» АҚ Петропавл 2-ші ЖЭО бас метрологы:

-Зертханамыз ашылғанға дейін барлық құралдарды өзге мекемелерде тексертетінбіз. Кей кездері, тіпті Астана, Қарағандыдағы акредитациядан өткен зертханаларға апаратынбыз. Енді қондырғыларды өзіміз де қарап, дұрыстығын қадағалап отыруға мүмкіндік туды. Ол уақыт пен қаржыны үнемдеуге септеседі.

Бүгіндері республикада 600-ден астам метролог маман бар. Олардың барлығы 20 мамырда кәсіби мерекелерін атап өтеді.

 

 

 

Магжан Ахмадина