МТРА жаңалықтары

СҚО-да жаппай диктант жазу шарасы өтті

Бұл шара дәл қазір ел көлемінде бастау алды. Қаладағы күллі білім беру мекемелері мен өңірдің 13 ауданында да өтуде. Мәтінді зейін сала тыңдап, естігенін қағазға түсіріп отырған Раиса Рамазанова мектепті 1979 жылы бітірген. Татар қызы бала кезінен қазақ тіліне жетік екен. Соңғы рет оқушы кезінде диктант жазған. Әрқашан 4 пен 5 алатынмын. Бүгін де жаман нәтиже көрсетімін деп ойламаймын дейді.

Раиса Рамазанова, «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени орталығының мүшесі:

-Қатысушылардың дені қайта-қайта сұрақ қоя бергендіктен Алтынай Сыздықоваға күрделі сөздерді бірнеше мәрте қайталап оқуға тура келді.

Алтынай Сыздықова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

-Жаппай диктант шарасы бір уақытта әлемнің 45 елінде нәтижелі өткізіліп келеді. Бұл шараға ұлтына, дініне, жасына қарамастан шенеуніктен бастап зейнеткерге дейін қатысып, өздерінің сауатын сынап, деңгейлерін көтереді екен.

-Диктанттың қорытындысы мамырдың 23-де белгілі болады. Кімнің қандай баға алғаны assabley.kz сайтында жарияланбақ.

 

 

 

Акбопе Танирберген