МТРА жаңалықтары

“Сбербанкпен Риоға ұшамыз” акциясының алғашқы кезеңі қорытындыланды

Петр Салохин – “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалының директоры:

-Акцияға кез келген адам қатыса алады. Ол үшін клиент сомасы 100 мың теңге болатын депозит ашу керек. Кейін оған Сбербанктен сыйға “Visa” төлем картасы табысталады. Клиент онымен 1 мың теңгеден басталатын транзакциялар жасау керек. Жалпы “Сбербанкпен Риоға ұшамыз” байқауы бірнеше кезеңмен өтеді. Алғашқысында ұялы телефон ойнатылса, келесілерінде планшеттер мен теледидарлар ұтысқа салынады. Ал соңғы кезең – ол екі адамға арналған Рио-де-Жанейро қаласына төрт күндік жолдама. Ұтыс иесі жазғы Олимпиаданың ашылу салтанатын тамашалай алады.

Байқауға қатысушы адам “Visa” төлем картасымен жиі транзакция жасап отырса, оның жеңімпаз атану мүмкіндігі ұлғая түседі. Міне, осы шарттарды орындаған Дмтирий Галат акцияның алғашқы кезеңінде жүлдеге ие болды.

25 жастағы ер азамат бүгін “Samsung Galaxy S6” ұялы телефонын ұтып алды. Айтуынша, бұл оның осындай алғашқы жеңісі екен. Негізі Дмитрий Галат қаржы институтының қызметін үш жыл бойы пайдаланып келеді. Жалақыны да Сбербанктің картасымен аламын дейді.

Дмитрий Галат – “Сбербанкпен Риоға ұшамыз” акциясының кезең жеңімпазы:

-Сбербанктің осындай тамаша акция ұйымдастырып жатқандығын мен олардың ресми сайтынан көрдім. Бірден барып депозит аштым. Шарттарымен танысқаннан кейін оны ұстануға тырыстым. Мінекей жолым болды. Өте қуаныштымын. Негізі қаржы институтының қызметтерін әрдайым пайдаланып тұрамын. Өте ыңғайлы. Түрлі жаңашылдықтар ойлап тауып отырады. Қазір телефон арқылы да төлемдер жасауға болады.

Бұнымен “Сбербанкпен Риоға ұшамыз” акциясы аяқталған жоқ. Байқауға қатысам деушілер әлі де болса депозит ашып, ұтыстан үміттене алады. Планшеттер мен LED теледидарлардың иелері мамыр және маусым аралығында белгілі болады. Ал бас жүлде – Рио-де-Жанейроға жолдама маусымның 15-і ойнатылмақ.

 

 

 

Риат Шони