Құқық қорғау органдары

Петропавлда телефон алаяқтары іздестірілуде

Владимир Кузнецов:

-СМС-те ұтқан С6 телефонын алу үші хабарласуға тиіс нөмір көрсетілген болатын. Бірден хабарластым. Тұтқаны көтерген жігіт өзін Николай деп таныстырып, Азия радиосында жұмыс істейтінін айтты. Сыйлықты алу үшін қан ауруына шалдыққан балалардың қайырымдылық қорына 3000 теңге салу керек болды. Ал, оны аударғасын телефоныма арнайы код келді.

Жас жігітті алдап 3 мың теңгесін иеленген алаяқтар мұнымен де тоқтамайды. Ал, Владимир еш күдіктенбестен сұраған сомаларын тағы да салып жіберген.

Владимир Кузнецов:

-Кейін маған тағы хабарласып тағы бір науқан өткізіліп жатқандығын жеткізді. Ол акция өтетін күн мен менің кодым сәйкес келгендіктен 286 мың теңге тұратын үй кинотеатрын жеңгенімді айтты. Қымбат ұтысқа қол жеткізу үшін тағы 18 мың теңге көлеміндегі салық төлеуім керек екенін айтты.

Сөйтіп, жігіт олардың барлық талаптарын орындайды. Нәтижесінде 30 мың теңгесінен айырылған қала тұрғыны сан соғып қалған.

Гариф Хамзаев – Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының қызметкері:

-Ондай алаяқтар тұрғындарға хабарласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырады. Ал, қарапайым адамдар алдынып қалып жатады.

Ал, өткен жексенбіде дәл осындай өтірікшінің құрығына 67 жастағы зейнеткер ілігіп қалған. Қарт әйелге “ұлыңның үстінен қылмыстық іс қозғалғалы жатыр, ақша берсең жаладан құтылады” деп алдап, 150 мың теңгесін алып кеткен. Өңір сақшылары тұрғындарды бейтаныс нөмірден хабарласқандарға алданып қалмауға ескертеді.

 

 

 

Акбопе Танирберген