МТРА жаңалықтары

Бүгін солтүстікқазақстандық 30 жігіт әскерге аттанды

Кейін сахна төріне болашақ сарбаздар шықты. Қаз-қатар тізілген бұл жігіттер биылғы көктемгі әскерге шақырушылардың осымен 9-шы легі. Жастар Аягөз қаласындағы 97616 Әуе қорғанысы күштерi бөлiмшесінде өздерінің азаматтық борыштарын өтейді.

Мақсат Мұқашев – СҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:

-Бүгін 30 жас жігіт әскерге аттанады. Олар Әуе қорғаныс күштерінде азаматтық міндеттерін өтемек. Сарбаздарға әскери киімдер бірілді.

Оқ бойы сап түзеген мына сарбаздардың арасында Нұрбол Жукеновта бар. 21 жастағы ер жігіт әскер қатарында азаматтық міндетін өтеуді бала күннен армандапты.

Нұрбол Жукенов – әскерге шақырылушы:

-Бүгін Аягөз қаласына аттанғалы отырмыз. Бала күнгі арманым орындалады.

Мына залда бауыр еті балаларының амандығын тілейтін ата-аналарда отыр. Олар балаларымыз әскери міндетін адал атқарып, үйге аман оралса деп тілейді.

Ольга Кузнецова – әскерге шақырылушының анасы:

-Баласы әскерге кетіп бара жатқанда кез-келген ата-ана қобалжиды. Жастар әскеріміздің айбынын асқақтатсын. Оған ел тыныштығын қалтқысыз күзетіп, өз міндетін атқарып келуін тілеймін.

Биылғы көктемгі әскерге шақыру маусымы кезенде теріскейден 600-ге жуық жас еліміздің қарулы күштерінің қатарын толықтырады.

 

 

Култанов Байболат