Аптадағы маңызды жаңалықтар

Биыл Мамлют ауданының диқандары 177 мың гектар алқапқа егін екпекші

Владимир Грачев – “Ишим-Агро-Норд” ЖШС директоры, Мамлют ауданы:

-3500 мың гектарға “Омбы-36” сұрыпты бидайбың тұқымын сіңіреміз. 3700 гектарына зығыр және 520 гектарына күнбағыс тұқымын себеміз. Қыс айларында алқаптарды ылғалдандыру жұмыстарын уақытылы жүргіздік. Жұмысқа қажет жанар-жағармай жеткілікті.

Биыл агроқұрылым басшылығы майлы дақылдар өсетін алқаптардың аумағын кеңейткен. Олар әсіресе күз айларында қамбаға рапс, зығыр және күнбағыс өнімін көптеп құюды көздейді.

-Аумағы 68 гектар болатын мына егістік алқапқа диқандар таңсәріден бері рапс дәнін себуде. Іске білек сыбана кіріскен механизаторлар жұмыстың қазір біраз бөлігін аяқтап үлгерген. Жалпы, биыл “Ишим-Агро-Норд” ЖШС 4 мың гектар жерге майлы дақылдар сеппекші. Бұл былтырғыға қарағанда 500 гектарға артық.

Алқаптарда желдей жүйткіген мына шетелдік техниканың әрқайысы бір тәуліктің ішінде 300 гектар жерге рапс дәнін себеді екен. Қазір серіктестікте дәл осындай заманауи көліктердің 4-еуі ырыс даласында күндіз-түні жұмыс істеуде. Агроқұрылым басшылығы биыл егіннің шығымдылығы былтырғыдан еш кем түспейді деген ойда.

Владимир Грачев – “Ишим-Агро-Норд” ЖШС директоры, Мамлют ауданы:

-Былтыр біздің серіктестік әр гектардан орташа есеппен 12 гектардан өнім алған болатын. Биыл бұл көрсеткішті жақсартуды көздейміз. Қазір дән себу науқаны кезінде топырақты тыңайту жұмыстарында қатар атқарып жатырмыз. Осы жылы зиянкестерге қарсы қолданылатын дәрілерді да уақыты себеміз.

Биыл Мамлют ауданында көктемгі дала жұмыстары мамыр айының алғашқы онкүндігінде басталыпты. Олар осы жылы 177 мың гектар жерге дән себуді жоспарлап отыр. Қазір бұл жұмыстың 11% атқарылған.

Василий Лисичкин, Мамлют аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі жетекшісінің орынбасары:

-Мамлют ауданында көктемгі дала жұмыстарына заманауи 24 тұқым себу кешені қатысуда. Олардың қажет жанар-жағармай жеткілікті. Сондай-ақ, агроқұрылымдарға тыңайтқыш пен тұқым алуға мемлекет субцидия береді.

Қазір Мамлют ауданында егін себумен айналысатын 250 шаруашылық бар.


 

Култанов Байболат