МТРА жаңалықтары

Жыл басынан қызыл жалыннан 16 солтүстікқазақстандық мерт болды

Денис Шуваев – СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы:

-Біздің аудандағы әріптестерімізге хабар 13 сағат 50 минутта келіп түсті. Оқиға орнында өрт белгілері тіркелген жоқ. Тексеру барысында пештің жылуы болды. Түтіндік ысырмасы да жабық еді. Тұрғындар иіс газдан қаза тапты. Мәйіттер сот-сараптамалық тексеріске жіберілді.

Дәл осындай оқиға облыс орталығында мамырдың 15-і күні орын алды. Тері зауыты маңында тұратын петропалдық пешті пайдалану ережелерін бұзыпты. Салдарынан 78 жасар азамат ауыр халде ауруханаға жеткізлген.
Жалпы жыл басынан өңірде 242 өрт оқиғасы тіркелді.

Өкінішке орай, қызыл жалын 16 солтүстікқазақстандықтың өмірін жалмаған.
Мамандар теріскейліктерге пеш жағуда барлық қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану керектігін ескертеді.

 

 

Айгерим Ержанова