Құқық қорғау органдары

Төтенше жағдайда кәсібилігін танытқан тәртіп сақшылары

Владимир Лямкин – өртенген кеңсенің қожайыны:

-Менің ойымша, кез-келген адам мұндай қадамға бармайды. Кейбіреулер көңіл бөліп, бұрылмастан өтіп кетер еді.

Ал сержант Юлий Данильченко мен старшина Берік Қойшыбаев болса Есіл өзеніндегі 25 метрлік жардан құлаған 24 жасар қызды құтқарды. Қоңырау түскенде олар Жеңіс саябағының маңында кезекшілік атқарып жүрген. Құтқарушыларды күтпестен тәртіп сақшылары төменге түсіп қызды қол сөмкенің бауы арқылы тартып шығарған.

Юлий Данильченко – Петропавл қаласы ІІД ЖПҚ жол-патрульдық полиция батальонының қызметкері:

-Қыздың түсіндіруі бойынша жарға шығып музыка тыңдап отырған. Қол сөмкесі сырғып кеткен. Оны ұстап қаламын деп төменге өзі де құлауға шақ қалған.

Қызметтік міндетіміз бен бірге азаматтық борышымызды өтедік, өзімізді батыр деп санамаймыз дейді қызды құтқарған тәртіп сақшылары.

 

 

 

Акбопе Танирберген