Ауыл шаруашылығы

СҚО-да көктемгі дала жұмыстары қарқын алуда

Енді күн сайын бұл жерде 12 адам мен 3 заманауи трактор жұмыс жасайды.

Айту керек, биыл Қызылжар ауданында дәнді дақылдар 200 мың гектардан астам жерге егіледі деп жоспарлануда.

Нұрлан Әбділов – «Петерфельд-Агро» ЖШС директоры:

-Жалпы көлемі 4,5 мың. Оған біз жүгері мен бидай, сұлы пен арпа егеміз. Қазіргі кезде бидай себу жұмыстары жүргізілуде. Басқа поляда жүгері сеуіп жатырмыз. Жанар-жағармай бәрі жеткілікті.

Негізі өңірдің егістік алқаптарындағы қызу іс мамырдың 10-ы басталды. Бір аптаның ішінде ғана диқандар 4 млн 366 мың гектар жердің 10 пайызындағы шаруаны тындырыпты.
Қазір науқан барысында 1 мыңнан астам егін егетін кешен жұмыс істеуде.

Қайрат Омаров – СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

-Ағымдағы жылы облысымыздың 469,7 мың гектар жеріне майлы, ал 3 млн 210 мың гектар жерге дәнді дақылдар егіледі. Биылғы дала жұмыстарына 490,6 мың тонна тұқым алынды. Оның 465 мыңы – бірінші және екінші сұрыпты.

Айту керек, өңір диқандары көктемгі егін егу жұмыстарын аяқтауды маусым айының 5-не жоспарлап отыр. Тек күн райы қатаңдық танытпаса болғаны.

 

Айгерим Ержанова