Білім

Петропавлда “Емтихандық күйзелістің психологиялық аспектілері және оны шешу жолдары” атты облыстық семинар өтті

Ирина Якимова – СҚО білім басқармасы жанындағы Бiлiм саласындағы әдiстемелiк жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері:

-Өзіңнің қабілеттілігіңді тексеретін кез-келген сынақ адамды күйзеліске апарады. Сол себепті қазір білім ордаларында психолог мамандар балаларды күйзеліске шыдас беретіндей қылып даярлауда. Бұл түрлі тренингтердің көмегімен жүзеге асады. Ол тек ҰБТ кезінде ғана емес, алдағы уақытта да керек.

“Емтихандық күйзелістің психологиялық аспектілері және оны шешу жолдары”. Бүгінгі семинардың тақырыбы осындай. Жиынға қатысушылардың бірі Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің педагог-псиохологы Нұргүл Рахметова. Биыл бұл білім ордасын 44 түлек бітіреді екен. Олардың өміріндегі маңызды сынағын сәтті тапсыру үшін түрлі психологиялық тренингтер өткіземін дейді.

Нұргүл Рахметова – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің педагог-псиохологы:

-Бізде психологиялық тұрғыда ҰБТ-ға балалар 11 сыныпқа келгеннен бастап сынаққа тығыз түрде дайындық жүргізеді. Бұл жерде балалардың психоэмоционалдық жағдайдан, психожүйкелік қысымнан арылу үшін біз түрлі тренингтер өткіземіз. Келесі аптада мектепде “Көңілді старт” ойындары өтеді.

Негізі биыл облыс бойынша 3637 ҰБТ тапсырады. Маңызды науқан маусымның бірі күні басталады.

 

 

 

Риат Шони