Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық ҚХА XXI сессиясы өтті

Ерік Сұлтанов- Облыстық ҚХА төрағасы, СҚО әкімі:

-20 жылдан астам уақыттан бері Қазақстан халқы ассамблеясы еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың берік іргесіне айналып отыр. Ол көптеген ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін дамытуға арналған қасиетті орда. Биыл біз үшін маңызды- ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Осы уақыт аралығында мемлекетіміз толайым табыстарға қол жеткізді. Осының барлығы бірліктің арқасы. Сондықтан солтүстікқазақстандықтар әлі де болса, туған өлкеміздің, Отанымыздың дамуына аянбай еңбек етеді деген сенімдемін.

Тарих басына қиын жағдай туғанда елге көшіп келген көптеген ұлттар өкілдерін тағдырлас етті. Енді достықтың оты сөнбей, мәңгілік лауулап жануы үшін оны аялап, бағасын білуіміз керек. Бұған республиканы мекендеген әр ұлттың өкілі, міне 25 жыл бойы өз үлесін қосып келеді. Теріскейдегі 90-нан астам ұлыс, 24 облыстық және аудандық 154 этномәдени бірлестіктер де тынбай жұмыс істейді. Мұны сессияда баяндама жасаған әр азамат айтып өтті. Залға жиылған солтүстікқазақстандықтар көршілес Ресейдің Омбы облысынан келген Алтынай Жүнісованың сөзін ерекше ілтипатпен қарсы алды. Ол басшылық ететін «Мөлдір» сібір-қазақ мәдени орталығының құрылғанына 27 жыл болыпты. Ұйым екі ел арасындағы достық пен келісімнің берік өткеліне айналғандай. Олар алдағы уақытта ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырмақ.

Алтынай Жүнісова- «Мөлдір» сібір-қазақ мәдени орталығының төрайымы, Омбы қаласы, РФ:

-92 жылы алғашқы құрылтайға қатыстық. Содан бері Ассамблеямен ьтығыз қарымқатынастамыз. Өткен жылы Қазақ хандығының-550 жылдығына арналған шара өткіздік. Енді міне, 29-ы тәуелсіздіктің 25-жылдығы және Омбы облысының 300 жылдығына арналған «Той-думан» деген шара өткіземіз.

Омбыдағы аталмыш ұйымның құрамына 100-ден астам адам кіреді екен. Олар қазақ халқының мәдениетін, тілі мен ділін жат жерде насихаттауға жылдар бойы үлес қосып келеді.

Кейін 21-ші сессия қатысушыларының үндеуі жарияланып, облыстық ҚХА төрағасырның орынбасары таңдалды. Бұл лауазымды- “Кентрон” армян мәдени орталығының төрағасы- Геворк Геворкян атқаратын болады. Бұдан соң жиынның ең маңызды сәті-марапаттау рәсіміне кезек келді. Сахнаға шыққан бұл жандардың әрбірі татулық пен жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуе зор үлес қосқан. Солардың бірі- Сайдаш Гайсин. Ол ҚХА қоғамдық «Бірлік» алтын медаліне ие болды.

Сайдаш Гайсин- СҚО ҚХА ардагері:

-Қуанып отырмын. Жасым 85 келіп осындай марапатқа ие болғаныма қалай қуанбайсың. Көп рахмет айтқым келеді.

Тағы 2 азамат ҚХА Құрмет грамотасына, 3 жерлесіміз алғыс хатқа ие болды. Осы күні этносаралық келісімді нығайтуға, бірлікті сақтауға үлес қосып жүрген солтүстікқазақстандықтар облыс әкімінің де алғыс хаттарын алды. Александр Гамершмидттің ата-бабасы 1927-ші жылы Қазақстанға қоныс аударған. Сол кезде азып-тозған мыңдаған неміс отбасын қазақстандықтар жылы қабылдап, қолда барымен бөліскен.

Александр Гамершмидт- «Видергебурт» этномәдени ортылығының мүшесі, М.Жұмабаев ауданы:

-Қазақ халқына деген алғысымыз шексіз. Менің ата-анам ылғи олардың басынан өткерген жағдайды айтып отыратын. Сондықтан мен бір кездері бабаларымыздың нақ қазақ жеріне қоныс аударғанына қуаныштымын. Қазір да жағдаймыз жақсы.

Бұдан соң облыстық ҚХА 21-ші сессиясы ауқымды концертке ұласты.

 

 

 

Магжан Ахмадина