Білім

Назарбаев Зияткерлік мектебінде халықаралық бейне конференция өтті

Мархаба Қуантаева – “Өрлеу” БАҰО орталығының оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша директорының орынбасары:

-Сапалы білім беру арқылы қоғамда өз орнын табатын мамандарды даярлаудың өзектілігін сөз етеміз. Осы бағыттағы жұмысты оң жолға қою үшін мамандардың пікірлеріне құлақ асамыз. Қазір бізге 40- шақты жұмыс Украинадан, Ресейден, Қазақстанның ЖОО келіп түсті.

Тәжірибе алмасу педагогтардың білімін арттыруға септеседі. Оқу үрдісіне енгізіліп жатқан тың жаңашылдықтар жетерлік. Соның айқын дәлелі – Назарбаев зияткерлік мектебі. Петропавлдағы білім ордасында 90-нан астам педагог жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеті тілдерді жетік білетін, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу.

Гүлфарида Раисова – Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

 

-Біздің мектептердің алдына қойған миссиясын орындау барысында 7 бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Біз өз тәжірибемізді таратып қана қоймай, шетелдік әріптестердің ең ұтымды жақтарын, пайдалы жақтарын мектебімізге енгізу арқылы Қазақстандық білім жүйесіне таратудамыз. Осы сұрақтар Ресейлік әріптестерді қызықтыруда.

Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің мамандары білім беруді сапаландыру бағытындағы өз жұмыстары жайлы баяндады.

Светлана Романенко – “Өрлеу” БАҰО инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:

-Біздің Ресейлік әріптестермен жүргізген жұмысымыз болашақта өз жемісін беретіндігіне сенімдімін.Өйткені, осы онлайн конференцияда айтылған әр бір ой, оқылған лекциялардың пайдасы мол. Алдағы уақытта мамандар жазған мақалалар жинаққа енсе, бұл тіптен жақсы

Жинақ маусымның 15-і шығарылмақшы. Электронды нұсқасын біліктілікті арттыру институтының сайтынан көруге болады.