МТРА жаңалықтары

Биыл Петропавлда ұзындығы 12 шақырым болатын жылу құбыры қалыпқа келтірілмек

Ал мына жерде 6637 әскери бөлімінің кинология қалашығы орналасқан екен. Осы маңдағы жылу құбырлары да әбден тозған. Олар кеңес кезінен бері күрделі жөндеу көрмеген.

Александр Ошмаров – “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС бас инженерінің орынбасары:

-Қазір біз 6637 әскери бөлімінің кинология қалашығы орналасқан аумақтағы жылу құбырларын жаңасына алмастырып жатырмыз. Оның жалпы ұзындығы 180 метр. Бұл жұмыстарды бригададағы 8 адам 3 күнде аяқтайды. Кейін басқа Я.Гашек көшесіндегі учаскеге көшеміз.

Қазіргі таңда қалада жылу құбырларының 71 пайызы тозған. “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС -гі биыл ұзындығы 12 шақырым болатын құбырды қалыпқа келтірмекші. Бұл жұмыстарға қажетті қаражат ел қазынасы мен инвестициялық бағдарлама аясында бөлінген.
Алдағы уақытта монополистер біраз учаскедегі құбырларды жөндеп болған соң оларды гидравликалық сынақтан өткізбекші. Сәйкесінше, жекелеген аудандардағы көпқабатты үйлерге берілетін ыстық су уақытша тоқтатылады.

Игорь Рыбас -“Петропавл жылу жүйелері” ЖШС бас директоры:

 

-Мамыр мен маусым аралығында “Береке”, 19-шы, 20-шы ықшам аудандардағы жылу құбырларын гидравликалық сынақтан өткіземіз. Осыған байланысты тұрғындарға түсіністікпен қарауын сұраймын. Шілде айында қаланың орталығында орналасқан
құбырларды сынаймыз. Ал тамыз айында қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан құбырларды гидравликалық қысым арқылы тексереміз.

Былтыр жылу желілерінде орын алатын технологиялық ақаулар 25 пайызға қысқарыпты.


Берік Қасен