МТРА жаңалықтары

СҚО-ның құрылғанына – 80 жыл

Оларды негізге ала отырып қызметкерлер анықтама кітап құрастырған. Мұнда өңірдің әр аулы, ондағы халық саны, атауларының өзгеруі мен бірнеше ауылдың бірігіуі сынды 1936-2007 жылдар аралығында орын алған әр ұсақ өзгеріске дейін түбегейлі жазылған. Оны өңірдің 80 жылдық мерейтойына орай екі тілде қайта басып шығару жоспарланып отыр.

Сәуле Мәлікова – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының директоры:

-Мысалы, Зеренді, Айыртау сынды бірнеше ауыл Көкшетауға қосылды да кейіннен Айыртау ауданы қайта қайтарылды. Кеңес үкіметінің кезінде селсовет, колхоз, совхоз, ауылдар жайлы барлық құжаттар жазылған. Бірнеше ауыл қосылып, бір ауданды құрады. Соның барлығын осы кітапқа жызылған.

Кейінгі басылымдардың қатарында облыс құрылған сәттен бастап тағайындалған жетекшілері жайлы кітап та бар. 80 жылда өңірге 23 азамат басшы болған екен. Алғашқы жетекшілік қызметті якут Максим Аммосов атқарыпты. Оның кабинеті бұрынғы обком партиясының ғимараты – қазіргі ЦУМ дүкенінде орналасқан. Біздің өңірге қатысты барлық мағлұматтарды оқып, өз еңбегін жинақтап жатқандардың қатарында магистрант Әсемгүл Темірова да бар.

Әсемгүл Темірова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ магистранты:

-Мен өңірдің қалыптасуы мен дамуы жайлы зерттеу жүргізіп жатырмын. Бұл орайда М.Бенюхтың, С.Мәлікованың, З.Тайшыбай, Қ.Мұқановтың еңбектерін пайдаланып жатырмын.

СҚО – қай кезеңде болмасын еліміздің маңызды аумағы. 80 жыл бұрын да қазір де ауыл-шаруашылығы және өнеркәсібімен танылған. Бұған құжаттардан бөлек басылымдар да дәлел. Мына 30-шы жылдары шаққан “Кеңес ауылы” газетінің әр нөмірі сақтаулы тұр. Бұл баспа 1920-29 жылдары “Кедей сөзі”, одан кейін “Бостандық туы”, кейін барып “Кеңес ауылы” деп атау алған. Кезінде С.Мұқанов редакторлық еткен баспа қазір де “Солтүстік Қазақстан” атауымен өңірдің барлық тыныс-тіршілігімен оқырмандарды хабардар етіп отыр.

 

 

Акбопе Танирберген