Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” ФК өскемендік “Алтай” командасымен тең ойнады

Мұнан соң гол соғып ес жинаған жерлестеріміз шабуылдарына қарқын қосып тағы да есеп айырмасын ұлғайтуды көздеді. Дегенмен де теріскейліктер жасыл алаңда қанша тырысқанымен мардымды іс бітіре алмады. Алғашқы таймның ортан белінен асқанда керісінше қорғаныста жамбастап жатқан өскемендіктер бас көтерді. Матчтың 37-ші минутында қызылжарлық ойыншылардың қателігінен соң Алексей Шакин таразы басын теңестірді.

Бұл гол жергілікті футболсүйер қауымның қуанышын су сепкендей басты. Осылайша бірінші 45 минуттық тең аяқталды. Келесі тайым себелеп жауған жаңбырдың астында өтті. Мұндай ауа райында қызықты кездесудің көркі бұзылды. Осы сәттерде жасыл алаңда жанталасқан спортшылар қызбалыққа салынып дөрекі ойнауға көшті. Әсіресе, қонақтар сапындағы Дмитрий Шмидт тәртіп бұзғаны үшін төрешіден қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Бұдан кейін 10 футболшымен қалған қонақтар тек қорғаныстың қамын ойлады. Дегенмен де қызылжарлықтар матчтың соңғы секундтарына дейін қанша жеңіс голын соғуға тырысқанымен таблодағы есепке өзгеріс енгізе алмады.

Евгений Аверченко – “Қызыл-Жар СҚ” ФК жартылай қорғаушысы:

-Мұндай ауа райында футбол ойнау қиын. Бірақ, құрама ойыншыларының қателіктерін мойындау қажет. Болмайтын жерде гол жібердік. Жаңбырдың астында 2 сағат бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлердің сенімін ақтамадық. Ал, қонақтарға келетін болсам өте мықты құрама. Олардың сапында елімізбен, Ресейге танымал тәжірбиелі ойыншылар бар. Келесі матчтарда тек жеңіске жетуге барымызды саламыз.

Бұл кездесуден кейін “Қызыл-Жар СҚ” ФК 10 ұпаймен турнирлік кестенің 5 сатысына төмендеді. Енді жерлестеріміз келесі кездесулерін 19 мамыр күні Астана қаласында “Бәйтерек” командасымен өткізеді.

 

Култанов Байболат