МТРА жаңалықтары

Петропавлда оқушылар қарт адамдардың үй шаруасына көмектесуде

Данагүл Жиенмұрзаева – №12 орта мектептің 10-сынып оқушысы:

-Біздің мектептің оқушылары қарт адамдарға жиі көмектесіп тұрады. Оларға көмек қолын созу бізге міндет.

Зоя Селюнина жуырда 80 жасқа толыпты. Тыл еңбеккері бұрындары үй жұмысын өзім-ақ тыңдыратынмын дейді. Қазір жасы ұлғайып, денсаулығы нашарлаған соң мұның бәрі қиындай түскен.

Зоя Селюнина – тыл еңбеккері:

-Мектеп оқушыларың көмегіне алғысым шексіз. Олар менің барлық жұмысымды істеп берді. Тіпті, үйімнің ішіне де жөндау жасады.

№12 орта мектепте “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымы осыдан 3 жыл бұрын құрылыпты. Осы уақыт аралығында жастар 13 зейнеткердің үй шаруасына көмектескен.

Айтқожа Баукенов – №12 орта мектеп директоры:

-5-інші, 9-сынып оқушылары қарттарға көмектеседі. Олар қыста қар тазаласа, жазда бақшаға картоп егіп, үйдің ішін жинайды. Отын жарады.

№12 орта мектепте белсенді жастардың қатары жыл сайын артып келеді.

 

 

Култанов Байболат