МТРА жаңалықтары

Петропавлда биыл 65 балалар алаңқайы орнатылмақ

Әділ Жаманбаев, аула тұрғыны:

-Өте қуаныштымын. Бұрын бұл жердегі барлық әткеншектер сынған, ескі болды. Енді жаңасы орнатылып жатыр. Бауырларымды алып шығып ойнайтын боламын. Ал бізге футбол ойнайтын кортымызды жаңартып берсе екен.

Лариса Цыпулина, аула тұрғыны:

-Балалардың асыр салып ойнап жатқанына қарап көз қуанады. Осындай әткеншектерді орнатып бергені үшін қала басшылығына алғыс білдіремін.

Аулада әткеншектен басқа спорттық жиынтық, үйшік, қалашық және орындықтар қойылып жатыр. Оның барлығын орнатуда “Строн Сервис” серіктестігі тер төгуде.

Алғали Асриев, Петропавл қаласы ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң бас маманы:

-Тұрғындардың өтінішін қала әкімі қарап шықты. Нақты қажет еткен аулаларға қоюға шешім қабылдағасын бюджеттен қаражат бөлінді. Қала әкімінің тұрғындарымен есептік кездесуінде, балалар алаңқайын қажет ететін петропавлдықтардан 45 өтініш келіп түсті.

Бүгінде Петропалда 15 аулаға дәл осындай балалар алаңқайы орнатылып үлгерген.

 

 

Акбопе Танирберген