МТРА жаңалықтары

Мамырдың 28-і СҚО-да алғаш рет “Мөңке күні” аймақтық мерекесі атап өтіледі

Алена Третьякова – «Праздничный город» агенттігінің директоры:

-Бұл сайысқа ҚР спорттық балық аулау федерациясының президенті қатысады. Енді «Мөңке күні» мерекесі мамырдың 28-і күні ел көлемінде аталып өтілетін болады. Сонымен қатар, бұл күні балықшылар жиынына ресейлік Станислав Радишевский деген азамат та қатысады.

Сайысқа кез келген адам қатысуға құқылы. Бірақ, жарыс шарты бойынша қатысушылар 2 мың мен 2500 теңге көлемінде жарна төлеп, тізімге тіркелулері қажет. Бастысы олар балық аулауға қажетті қармақ пен жем ала келуі керек. Ал қайық және қорғаныш желеттермен ұйымдастырушылардың өздері қамтамасыз етеді. Бүгінде сайысқа 50-ден астам адам қызығушылық танытып отыр. Арасында шетел азаматтары да бар.

Алена Третьякова – «Праздничный город» агенттігінің директоры:

-Балық аулау көлдің жиегінде емес, ортасында болады. Сол себепті, бүгінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сайысқа санаулы күндер қалды. Қазір жарыс өтетін жер тазаланып, талапқа сәйкестендірілуде. Жеңімпаздар міндетті түрде марапатқа ие болады. Бірақ, бұл әзірге құпия.

Бұл күні шаһарымыздың үздік деген аспазшылары қонақтарға арнап 75 литр балық сорпасын әзірлейді. Сонымен қатар, олар мөңке балығын сүрлеу мен одан жасалатын түрлі тағамдарды дайындау жолдарын үйретпек.
Жалпы биыл облысымызда мөңке балығының 500 тоннасын аулауға рұқсат етілген.

 

 

 

Айгерим Ержанова