МТРА жаңалықтары

Демалыс күндері Петропавлда екі бірдей оқыс оқиға орын алды

Бірақ, ол жан-жағына – басқа машиналардың бар-жоғын қарап алмай, қос жолақты жолды кесіп, қарсы бағытта келе жатқан қызыл түсті “КИА” автокөлігін соққан. Соңғы машина жол жиегінде орналасқан аялдамаға соғылған. Нәтижесінде ағаш конструкцияның быт-шыты шықты. Абырой болғанда, аялдамада автобус күткен адамдар болмаған.

Шәмшиден Ақышев – Петропавл қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

-Жапа шеккендер жоқ. Аялдамада да ешікм болмаған.

Әзірге, жол-көлік оқиғасына нақты кім кінәлі екені белгісіз. Тәртіп сақшылары машиналарда бейнекамералар болмағандықтан, қазір оқиғаның куәгерлерін іздестіруде.

Ал, мынау – “Дәрия” базарында орын алған өрт. Оқыс оқиға жайлы ақпарат жексенбі күні кешкі сағат 7-де келіп түскен. Өрт сөндірушілер жеткенде далада орналасқан үш сауда павильонын от шарпып жатқан екен. Оның үстіне тілсіз жау сауда үйінің негізгі 2 қабатты нысанына жақындай түсіпті. От шалған аумақ 48 шаршы метрді құрайды. Қызыл жалынның кесірінен қызыл балық, азық-түлік сынды құны миллион теңгеден асатын тауар жанып кеткен. Дегенмен де нақты шығын әлі есептелген жоқ.

Евгений Журавлев – СҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы:

-Оқиға орнына 6 минуттың ішінде өрт сөндiру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметiнiң бірінші бөлімшесі келіп жетті. Отты ауыздықтауға жеке құрамның 38 құтқарушысы, 11 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт үшінші деңгейдегі болды. Оттың тұтанғаны туралы бірден хабар бергендіктен шығын көп емес. Нысан ішінде адамдар болмаған.

Өрт сөндірушілер бір сағаттың ішінде қызыл жалынды толығымен ауыздықтады. Оқыс оқиға орын алған жағдайда базар жұмыс істемеген, сол себепті адам шығыны жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Жалпы жыл басынан өңірде 242 өрт оқиғасы тіркелген. Одан келген залал 24 млн теңгеден асады.

 

 

Риат Шони