Білім

Петропавлда ҰБТ байланысты ведомство аралық семинар-кеңес өтті

Ерлан Әбелдинов – СҚО білім саласындағы бақылау департаментінің директоры:

-Биыл 68 пайыз оқушы сынаққа қатысуға өтініш берді. Маңызды науқанда түлектерге рұқсат етілмеген құралдарды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Егерде пайдаланса онда оқушы аудиториядан шығарылып, сынақ нәтижесі жойылады. Сонымен қатар, биыл ең төменгі 50 ұпайды жинай алмаған оқушы тестілеуді қайта тапсыра алады.

Жиында бас қосқан мамандар ҰБТ кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді талқылады. Сынақ тапсырушы түлек маңызды науқанда өзінің тиісті білімін көрсетуі қажет. Ал мұғалімдер өздерінің рейтингісін көтеру мақсатында оқушысына түрлі амалдармен көмектеседі. Тіпті жемқорлыққа да жол беруі мүмкін дейді мамандар.

Нұрлан Жахин – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы:

-ҰБТ кезінде сыбайлас жемқорлық фактілері өзге облыстарда тіркелген. Бұндай заңбұзушылықтар бізде де орын алмас үшін алдын алу шараларын ұйымдастырудамыз.

Жалпы өңір оқушылары биыл 13-ші рет ҰБТ тапсырғалы отыр. Сынақ бұрынғысынша облыстағы 8 пункте өтеді. Маңызды науқан маусымның екісі басталады.

 

 

 

Риат Шони