МТРА жаңалықтары

Петропавлда «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық жас­тар форумы өтті

Анархан Дүйсенова – СҚО әкімінің орынбасары:

-Тәуелсіз елдің ұрпағы қазақ тілін қастерлеп, болашаққа нық қадаммен алға бау керек. Жастар ата-бабаларының ізін жалғайтындарына сенемін.

Феруз Намет Қазақстанның Жаркент қаласында туып-өскен, ұйғыр ұлтының өкілі. Қазір ол №6637 әскери бөлімінде бақылаушы маман. Жас жігіт қазақ, орыс, ұйығыр, қырғыз және өзбек тілдерінде еркін сөйлейді. Болашақта ол неміс тілін үйренуді де жоспарлап отыр. Өйткені, сарбаздың ата-анасы қытай, француз және украин сынды 12 тілді білетін полиглоттар екен. Әр тілді меңгерген сайын сол ұлтқа жақындай түсесің дейді Феруз.

Феруз Намет – №6637 әскери бөлімінің бақылаушы маманы:

-Менің әке-шешем 12 тілді біледі. Мен де соларға қарап көп тілді меңгерсем деймін.

Ал Нигара Пайзиева өзбек қызы. Өзге этностың өкілі болса да, нәзікжанды қазақ тілін жетік меңгерген. Жанұяларында отанасы кішкентай ұл-қыздарымен мемлекеттік тілде сөйлеседі. Өйткені Отанға деген сүйіспеншілік, тілге деген құрмет отбасынан басталады дейді ол.

Нигара Пайзиева – форумға қатысушы, Теміртау қаласы:

-Мен балабақшада жұмыс жасаймын. Жас ұрпақты тәрбиелеймін. Негізі отансүйгіштік пен еліңе деген құрмет отбасынан басталады. Мәселен, біз жанұямызда қазақша сөйлесеміз, бірақ ана тілімізді де балаларымызға үйретеміз. Дегенмен қазақша сөйлеу маған жеңіл. Ойымды жеткізу оңай. Өйиткені, қазақ тілі де менің тілім.

Бұл елімізде өткізіліп жатқан 7-ші форум. Бұған дейін мұндай шара Қостанай, Риддер, Астана мен Шымкент қалаларында ұйымдастырылыпты.

Толқын Исакова – ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің басқарма басшысы:

-Форумның мақсаты – республикадағы мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастарына қолдау көрсету, оның қолданыс аясын кеңейтуғ мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, мемлекеттік тіл татулықтың, достықтың тетігін, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру болып табылады.

Жалпы бұл жиынға еліміздің батысы мен шығысынан оңтүстігі мен солтүстігінен және орталық Қазақстаннан 60-қа жуық делегат қатысты.

 

 

 

Айгерим Ержанова