Құқық қорғау органдары

Облыста «Жауапкершілік» жедел-алдын алу шарасы өтуде

Владимир Бурмаков:

-Бұрылып бара жатқанмын. Ешкімге кедергі келтіріп, апаттық жағдай туғызбадым. Жаяу жүргіншіні байқамай, өтіп кеттім. Дәл сол уақытта мені камераға полиция қызметкерлері түсіріп алыпты. Бірден хаттама толтырып, айыппұл салды. Енді оны әрине төлеймін.

Кейбіреу міне осылай салынған айыппұлды уақытылы төлеуге тырысса, келесі біреулері борышын өтеуге әсте асықпайды. Оны «Жауапкершілік» жедел алдын алу шарасы көрсетіп отыр. Оның алғашқы күні-ақ, тәртіп сақшылары қарызын төлеуден жалтарып жүргендерден 5 млн теңгеден астам соманы өндіріп алған.

Сансызбай Сыздықов- СҚО жергілікті полиция қызметі іздестіру бөлімінің инспекторы:

-3 автокөлік иесі ұсталып, автокөліктері арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Оның біреуінінің қарызы 1 млн теңгеден асады. Енді ол борышын өтемей, көлігі берілмейді.

Жыл басталғалы өңірдің тәртіп сақшылары 190 млн теңгенің айыппұлын салған. Бүгіндері оның 110 млн теңгесі өндіріп алыныпты.

 

 

 

Магжан Ахмадина