Ауыл шаруашылығы

Облыс орталығында үй жануарларын вакцинациялау жұмыстары жүріп жатыр

Николай Ворочалкин, Жұмысшы кентінің тұрғыны:

-Сиырларымды жыл сайын ектіремін. Қан сынамасын да тапсырамыз. Сырғаладық. Құжаттарын әкеліп, барлық жүргзілілген вакциналарды тіркетіп отырамын. Сиыр малы жақсы. Сүтін ішіп, қаймағын жеп отырмыз. Ауырмаса дейміз.

Мал дәрігерлері жыл басынан 270 бас ірі қара малды бруцеллезге қарсы, ал 400-ін туберкулезге қарсы тексеруден өткізген. Нәтижесі көңіл көншітерлік. Бірде-бір үй жануарынан аталмыш аурулар табылмаған.

Ибраим Көрпенов, Петропавл қаласы ветеринарлық станциясының директоры:

-Бүгінгі екпе жұмыстарының барлығы тегін. Қазір қала көлемінде мал басы азайған. Былтырғы жылы қала деңгейінде бір сиырдан ғана бурцеллез шықты. Оны ет комбинатына тапсырғыздық. Артынша қораны дезинфекцияладық.

Көктемгі вакцинациялау іс-шаралары мамыр айының соңында аяқталады. Петропавлда бұл шарамен жалпы саны 700 сиыр, 500 қой, 200-ге жуық шошқа бен 100 жылқы қамтылмақ. Бұл мақсатта республикалық қазынадан 1,5 млн теңге бөлінген.

 

 

 

Акбопе Танирберген