МТРА жаңалықтары

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Әсел Ерсаинова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

-Мен “Дипорммен ауылға” мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасуды бұрыннна армандадым. Болашақта ауылға барып еңбек ету ойда бар.

Былтырғы өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінен кейін университеттің 100-ден түлегі қоғамның әр саласынан қызмет тапқан.
Олардың көбісі ауыл шаруашылығы және білім беру саласын таңдапты. Ал, биылғы шарада түлектерге өңір нарығына аса қажет “машина жасау”, “аспап құрау”, “радиотехника” мамандықтары таныстырылуда.

Инна Некрасова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қызметкері:

-Біздің университет түлектердің жұмысқа орналасуына зор мән береді. Жылда жас мамандардың екі қолға бір күрек табулары үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткіземіз. Биылғы шарада біз түлектерге нарыққа аса қажет мамандықтарды таныстыруды шештік.

“Севказэнерго” АҚ өкілдері университтетте өтетін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне жылда қатысада. Аталған кәсіпорын биыл түлектерге 15-тен аса қызмет түрін ұсынбақ.

Елена Пальянова – “Севказэнерго” АҚ жетекші маманы:

-Бізге 1 инженер және 10-нан аса электрикпен слесарь қажет. Сол себепті бүгінгі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысудамыз. Осы шарадан кейін қатарымызды университтет түлектері толтырады деген ойдамыз. Сондай-ақ, біз жас мамандарды “Севказэнерго” АҚ аудандық филиалдарына да жұмыс істеуге жібереміз.

Биылғы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қаламыздың 30-ға жуық кәсіпорыны қатысты. Айта кеткен жөн, аталған білім ордасын осы жылы 700-ден астам студент тәмамдайды.

 

 

 

Култанов Байболат