Спорт

Баскетболдан жасөспірімдер арасында облыстық біріншілік бастау алды

Кирилл Скакунов, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушісі:

-Мен баскетболмен 2 жыл шұғылданамын. Келешекте танымал спортшы болғым келеді.

Бүгінгі додаға өңірдің бірнеше ауданынан және Петропавлдан 9 команда қатысып, өзара бақ таластыруда. Әр кездесу тартысты өтіп жатыр. Облыс көлемінде ұйымдастырылатын жарысқа қатысушылар саны жыл санап артуда дейді бас төреші.

Александр Козыркин, жарыстың бас төрешісі:

-Командалар 3 топқа бөлініп, ойнайды. Әр топтан жеңіске жеткен құрамалар 1,2,3 орындар үшін тартысқа түседі. Үздік өнер көрсеткен спортшыларды республикалық біріншілікке іріктеп аламыз.

Ойын екі күнге жалғаспақ. Жақсы нәтиже көрсеткен командалар мақтау қағазы, кубок және медальдармен марапатталады.


 

 

Тоғжан Ақмағамбетова