МТРА жаңалықтары

Петропавлда велосипед ұрлығы жиілеп кетті

Юрий Синягин – жәбірленуші:

-Жедел уәкілдер тез арада келді. Оқиға орнын тексеріп, дүкенде орнатылған бейнекамералардағы жазбаларды қарап, қылмыскерді екі сағат ішінде анықтады. Сөйтіп, іздеген жоғымды тауып берді.

Тәртіп сақшыларының айтуынша велосипедті ұрлығы күндіз ғана емес, сондай-ақ түнгі уақытта да жасалады екен. Пысықайлар үшін шайтанарбаның бағасы мен маркасы да, тіпті техникалық жағдайы да маңызды емес. Олар қолға түскенін төмен бағамен сатып, қаражатты керек-жарағына жұмсап жібереді.

Әділбек Жарасов – Петропавл қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

-Тұрғындар көбіне велосипедтерін қараусыз қалдырады. Сол сәтте ұрылар оны қолды қылып кетеді де, сатып жібереді.

Полицейлер қала тұрғындарына өз велосипедтерін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Ұрлық орын алған жағдайда тез арада тәртіп сақшыларына хабар берген абзал. Жалпы жыл басынан бері Петропавл қаласында 17 велосипед ұрлығы тіркеліп, олардың жартысынан астамы ашылған.

 

 

Риат Шони