МТРА жаңалықтары

Прокурорлар орман шаруашылығы мекемелерінде заңбұзушылықтарды анықтады

Асқар Жүнісов- СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының аға прокуроры:

– Бұл орман шаруашылықтары 2014-2015 жылдары мемлекеттік сатып алулар кезінде өздеріне қажетті тауарларды алғанда белгіленген жеткізушілерді емес, өзге фирмаларды таңдаған. Сондықтан екі шаруашылыққа 850 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.

Тағы табиғатты қорғау прокурорлары мемлекеттік орман шаруашылықтарының ағаш отырғызу кезінде жіберген олқылықтарын анықтаған. Бұл суреттерде Ақжар ауданына қарасты Орлиногорск мекемесінде егілген қайың ағаштары көрсетілген. Бұлардың саны әлдеқайда көп болуы тиіс болатын. Алайда орманшылар жасыл желекпен көмкерілуі тиіс 323 гектар аумақтың тек 58-не ғана қайың еккен.

Асқар Жүнісов- СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының аға прокуроры:

 

– Қағаз жүзінде көрсеткен есепте бар шаруаны 100 пайызға орындадық деп көрсетіпті. Прокуратура органдарымен жүргізілген тексерістен соң бұл жұмыстар шыныменде 100 пайызға орындалды. Ал шаруаны уақытылы әрі дұрыс орындамаған мамандар жауапкершілікке тартылды.

Жалпы жыл басталғалы табиғатты қорғау прокурорлары 11 тексеріс өткізіп, 70-тен астам заңбұзушылық анықтаған.

Магжан Ахмадина