Денсаулық сақтау

Облыстық ауруханадағы нефрология және гемодиализ бөлімінің ашылғанына – 40 жыл

Дәрігерлер оның бойында созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруын анықтапты. Содан бері ол аптасына 3 реттен 4 сағат бойы гемодиализ қабылдай бастаған. Бұл үрдіс ағзаны артық заттардан тазалап, бүйректің жұмыс істеуіне сәл де болсын өз көмегін тигізеді екен.

Нариман Құсайынов – емделуші, Тимирязев ауданы:

– Мен Тимирязев аулынанмын. Гемодиализ алу үшін Петропавлға 3 рет келіп тұрамын. Жарты жыл болды. Дәрігерлер жақсы қарайды. Бәрі жақсы.

Бүгінде біздің өңірде созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дертіне шалдыққан 100-ден астам тұрғын бар. Оның 42-сі облыстық аурухананың гемодиализ бөлімшесінде тіркелген. Мұнда оларды күнара 3 дәрігер қабылдап, тиісті ем-домдарын жасайды. Айту керек, бұл орталықтың ашылғанына биыл 40 жыл толып отыр.

Юрий Белоног – облыстық ауруханың бас дәрігері:

– 40 жыл ішінде біздің медицина біраз дамыды, алға жылжыды. Жаңа заманауи аппараттар қойылып, дәрігерлердің жұмысы жеңілдеді. Бүгінде біздің орталық 50 адамды қабылдай алады. Жалпы біздің облысымызда 3 гемодиализ орталығы бар.

Жалпы 5 жыл ішінде елімізде созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дертіне шалдыққандардың саны екі есеге көбейген. Бүгінде олардың саны 3200-ден асып отыр.

Венера Алтынова – ҚР ДСӘДМ гемодиализ бойынша бас маманы:

– Соңғы 5-10 жылдың ішінде елімізде трансплантация да дамып келеді. 2012 жылы орталық та ашылды. Онда мәйіттен алынған бүйректі трансплантациялаумен айналысады. Сіздердің өңірлеріңізде біз 6 бүйрек ауыстырдық.

Бүгінде Қазақстанда 99 гемодиализ орталығы бар. Оның 19-ы жеке меншік болып саналады.

Айгерим Ержанова