Қоғам

Жеңіс күні қарсаңында Петропавлдағы «Даңқ» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Демалыс және мәдениет саябағындағы “Даңқ” ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.
Кейін жиылған қауым елі мен мен туған жері үшін қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Бұл күні ардагерлер сонау сұрапыл жылдары жаумен бірге шайқасып, қан майданнан оралмаған жауынгерлер мен жақындарын сағынышпен еске алып, мыңдаған адамның өміріне жара салған қанды соғысты тағы бір рет көз алдарынан өткізді. Солардың бірі – ардагер Николай Елисеев.

Николай Елисеев – Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Мен майданда жүріп екі рет жараландым. Қиын кезең блоды. Бастан не түрлі оқиғаны кешірдік. Үйден жырақта жүріп, болашақ үшін күрестік. Қаншама адам қырылды. Бірақ, олардың арманы орындалды. Бүгін біздің ұрпағымыз бейбіт заманда өмір сүруде.

Бүгінде облыс орталығында Ұлы Отан соғысына қатысқан 119 ардагердің көзі тірі.

 

Айгерим Ержанова