МТРА жаңалықтары

СҚО-да жас экскурсия жүргізушілердің байқауы аяқталды

14 жастағы қыз қалада оқығанымен, Шал ақын ауданында туылған. Сондықтан да ол аудан орталығы Сергеевка қаласына экскурсия жүргізуді жөн деп тапқан. Тарихқа көбірек үңіліп, мұражайлар мен кітаптарды ақтарған Ақтолқынның түйгені көп.

Ақтолқын Ережепова, Қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы:


– Шал ақын ауданы ертерек басқаша аталған. Кейініректе Елбасы жарлығымен Шал ақын атауы берілген
.

Аталмыш байқау ақпанның 1-нде бастау алған. Үш кезеңнен тұрды. Әу баста қатысқан 15 адамның ішінен тек 10-ы ғана бүгінгі марапатқа ілігіп отыр.

Людмила Гривенная – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі:


– Байқауды СҚМУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ұйымдастырды. Қатысушылар бірінші кезекте
жеке-жеке мәліметтер қарастырып ізденді, тақырып таңдады. Одан кейін дайындықтарын пысықтап тақырыптарын “Абылай хан резиденциясы” мұражайлық кешенінде қорғады. Үшінші кезеңде әрқайсысы өздері қалаған жерге барып шын мәнінде экскурсия жүргізді. 4 ауданға шықтық. Қала мұражайлары мен тарихи жерлерін араладық.

Қызықты байқауда студенттер арасында бірінші орынды Элина Агафонова жүлделеді. Қатысқан студенттер мен оқушылардың барлығы туған жердің тарихы мен архитектуралық және мәдени құндылықтарымен тереңнен танысты. Жас экскурсия жүргізушілердің барлығы да демеушілер тарапынан ұсынылған бағалы сыйлықтарға ие болды.

Акбопе Танирберген