МТРА жаңалықтары

“Алақай” балабақшасында шыршалар аллеясы пайда болды

41-ші жылдары оның екі ағасы мен әкесі майданға аттанған. Ал өзі анасының қасында қалып, тылда еңбектенеді. Сол сұрапыл жылдарды бастан кешірген қария бүгінде 90-ға таяп қалыпты.

Александр Липовой – Петропавл қаласының құрметті азаматы, тыл еңбеккері:

 

– Соғыс жылдары әлі есімде. Күніне небәрі 200 грамм нан берілетін. Қиын кездер еді. Батыр бабаларымыз елімізді, жерімізді қорғай алды. Аманат етіп қалдырды. Енді бұл мұраны жас ұрпақ қадірлей білсе деймін. Ешбір қайғы-қасіретті бастан кешірмей, бейбіт заманда өмір сүрсе деген тілегім бар. Бүгінгі бүлдіршіндер біздің ертеңіміз ғой.

Кезінде энергетика саласында қызмет еткен зейнеткер – бүгін әріптестері тұрғызған «Алақай» балабақшасының құрметті қонағы. Жеңістің 71 жылдығының қарсаңында ол аталған мекеменің тәрбиеленушілерімен бірге ауланы көгалдандырып, 7 бірдей шырша отырғызды.

Кейін бүлдіршіндер ардагерлерге арнап шағын концерт ұйымдастырды. Олар жаттаған өлең жолдарын мәнерлеп оқып, бар өнерлерін ортаға салды.

Айта кеткен жөн, өткен жылдың желтоқсанында ашылған балабақша 320 орынға шақталған.

Айгерим Ержанова