МТРА жаңалықтары

Отан қорғаушылар күні қарсаңында жас өрт сөндірушілер ант қабылдады

Бұл жігіттердің қатарында Арман Тукенов та бар. Қызметтік жолын енді бастап жатқан маман болашақта өз жұмысын абыроймен атқаратындығына сенімді.

Арман Тукенов:

– Бүгін біздер үшін маңызды күн. Енді болашақта осы антымызды бұзбай, еңбек етуге дайынбыз.

Бұдан соң, қызметте үздік деп танылған мамандар марапатқа ие болды. Олардың бірінің иықтарына жаңадан шендер тағылса, енді біріне алғыс хаттар табысталды. Мұндай құрметке Отан қорғаушылар күні қарсаңында
Амангелді Аманжолов та бөленді. Аталған салада 15 жыл еңбек еткен азаматтың кеудесіне 2-дәрежелі “Құтқарушы” төс белгісі тағылды.

Амангелді Аманжолов – Петропавл қалалық №2 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы:

– Өрт сөндіруші, ең алдымен ержүрек болуы керек. Бұл қасиеттер біздің бойымыздан табылмаса отпен арпалыса алмас едік. Адамдарды тілсіз жаудан құтқару – менің парызым. Мереке қарсаңында көудеме орден тағылып жатқандығына қуаныштымын.

Сондай-ақ, жиында 26 жасында қызметтік міндетін өтеу барысында қаза тапқан қалалық №5 өрт сөндіру бригадасының командирі Алтынбек Әбдірахмановтың ерлігі еленді. Шарада марқұмның әріптестері 3-ші дәрежелі “Айбын” орденін оның атасына табыстады.

Қарамырза Әбдірахманов – Алтынбек Әбдірахмановтың атасы:

– Бәріміздің басымызды қосып, немереме орден беріп жатқан үшін рахмет. Енді мындай адам өлімі болмасын.

Мерекелік жиын соңы салтанатты маршпен аяқталды.

 

Култанов Байболат