МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандық кәсіпкер форель балығын өсіруді қолға алды

Күніне 2,5 грамм салмақ жинайтын форель балығын жеке кәсіпкер Виктор Емельянов 8 ай бұрын Түмен облысынан шабақ күйінде алып келген. Содан бері 300-ге жуық су жануары 550 грамм салмақ қосыпты. Форель балығы тұнық, терең су қоймаларында тіршілік етеді. Қазір Қызылжар ауданындағы Каменное көлін жалға алған Виктор Емельянов биыл Ресейден тағы 3 000 дана форель балығын әкелмекші.

Виктор Емельянов – жеке кәсіпкер:


– Форель балығына жақсы күтім қажет. Оларға Ресейден әкелінген арнайы жем-азық береміз. Бахтах балығы тіршілік ететін көлдердің тереңдігі 7-9 метрден кем болмау керек. Және жазда судың температурасы +18 градустан аспағаны жөн. Егер су +20 градусқа жылынып кетсе форель балықтары өліп кетеді. Сондықтан, көлдерді таңдаған жағдайда осы талаптарды ескерген жөн. Алдағы уақытта ісіміз алға басып жатса, балықтарды дәмханалар мен базарларға саудалауды жоспарлаудамыз.

 

Берик Касен