МТРА жаңалықтары

Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов Қызылжар ауданындағы Налобино орманшылығында болды

Мұндағылар қылқанжапырақты ағаштың бірнеше түрін, сонымен қатар, шетен жабайы алма көшетін отырғызумен айналысады.

Наталья Качева – “Соколов мемлекеттік орман мекемесі” Налобино орманшылығының инженері, Қызылжар ауданы:


– Налобино орманшылығында ағаштың 6 түрін өсіреміз. Екі жыл күтіп-баптап, басқа учаскелерге отырғызамыз. Кейін оны өңіріміздегі мекемелер сатып алады. Артылғанын кесілген ағаштардың орнына егеміз. Осылайша, облыс аумағында жасыл желектің сақталуына айрықша үлес қосудамыз.

Мамандар тұқым мен өскіндерді негізінен Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары мен Ресейдің Түмен өңірінен алдыртады.

Мына үйіліп жатқан сабанның астында 200 мыңға жуық түп қарағайдың көшеті жатыр. Оны тұқымбақтағылар сатуға дайындап қойыпты. Мамыр айының басында қазылып алынған көшеттерді мұндағылар ағаш үгіндісімен жауып қойыпты. Осылайша, қарағай бүлінбестен шілденің соңына дейін жата беретін көрінеді.

Қала ішіне, мектеп, аурухана ауласына көрік беріп тұрған ағаштардың барлығы дәл осындай өңірдегі тұқымбақтарда өсірілген. Мысалы, Налобино орманшылығында 2 жыл бойы жетілген жас көшеттер биыл А.Винокуров атындағы Спорт сарайының алдына отырғызылыпты.

Берік Қасен