Спорт

Облыстық “Жас ұлан” байқауы өтуде

Жігіттер өңірдің мектеп-интернаттары мен колледждерінен жиылған. Бүгін олар 4 сайыс бойынша сынға түседі. Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының командасы да сайысқа сақадай-сай. Айту керек, бұл құрама келесі айда Қарағандыда өтетін Республикалық “Айбын” байқауында өңір намысын қорғамақ. Олардың «Дарын» командасына Қанат Сабыржанов та мүшелік етеді. Ол қаруды 25 секундта бұзып, 27 секундта қайта жинап шықты.

Қанат Сабыржанов, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:

– Біздің мектептің оқушылары әрқашан жүлделі орындарды иеленіп жүр. бізде бірінші орынды алуға міндеттіміз.

Осылайша 11 команда өзара-бақ таластырады. Келесі бөліктерде, ұлдар саптық қимылдар бойынша сайысып, газғақағарды жылдам киіп-шешу бойынша жарысып жатыр. “Осындай сайыстардың арқасында жас отан қорғаушылардың жылдамдығын үстеп, қайратын жануға болады”,- дейді ұйымдастырушылар.

Қанат Сәдуақас, СҚО бiлiм басқармасы спорт, дене шынықтыру және АӘД өңiрлiк оқу-әдiстемелiк орталығының директоры:

– Әскри бағыттағы спартакиадаларды жиі өткіземіз. Жас отан қорғаушыларын осылайша тәрбиелейміз.

Облыстық «Жасұлан» алғашқы әскери дайындық байқауы екі күнге созылмақ. Жеңімпаздар келесі жылғы Республикалық кезеңге жолдама иеленеді.

Акбопе Танирберген