МТРА жаңалықтары

«ҚР Неке және отбасы» Кодексіне өзгертулер енгізілді

Егер де өтінім аталған мерзімнен кеш берілсе, онда олар түсініктеме және тағы бірнеше қосымша құжаттарды рәсімдеулері керек болады. Оның ішінде мекен жай анықтамасы мен сәбидің денсаулығы туралы дәрігердің ақпарат қағазы да бар.

Олеся Осадчая – СҚО әділет департаментінің азаматтық хал актілерді тіркеу және апостилдеуді бақылау және қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:


– Неке және отбасы» кодексіне біршама өзгертулер енгізілді. Мәселен, бұрындары туу туралы куәлікті алу үшін өтініш екі ай ішінде берілу керек болатын. Енді бұл құжат 3 күн ішінде рәсімделуі тиіс. Уақытылы орындалмаған жағдайда ата-аналар туу туралы куәлікті тек 15 күннен соң ғана ала алады. Сондай-ақ, дәрігерлер де өлі туған бала туралы мәліметті және оның құжаттарын бір жұмыс күні ішінде рәсімдеулері қажет.

Сондай-ақ, «Неке және отбасы» Кодексіне «Қонақ отбасы» термині де енгізілді. Яғни, аталған заңға сәйкес, енді ата-аналар жетім қалған балаларды уақытша өз тәрбиелеріне алу мүмкіндігіне ие. Бірақ, алдымен үшжақты келісім шартқа қол қойылуы қажет.

Олеся Осадчая – СҚО әділет департаментінің азаматтық хал актілерді тіркеу және апостилдеуді бақылау және қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:

– Қонақ отбасы өз шаңырағына бірнеше баланы келісім шартта көрсетілген мерзімге ала алады. Бірақ, 10 жастан асқан бала өзі таңдау жасауға құқылы. Ал бастысы, бауырларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Сонымен қатар, баланы өз тәрбиесіне алған адамдарға ешқандай жәрдемақы берілмейді.

Сонымен қатар, баланы асырап алу құқығынан айырылған азаматтардың да тізіміне өзгертулер енгізілді. Яғни, енді қылмыстық әрекетке барып, сотталғандар баланы мүлдем өз қамқорлығына ала алмайды.

Айгерим Ержанова