МТРА жаңалықтары

Диқандар жер кодексіндегі өзгерістер уақытылы қабылданды деп отыр

Александр Фильберт- «Фиат» ШҚ директоры, Аққайың ауданы:

– Бораналағаннан кейінгі жердің кейіпі міне осындай. Тегістеліп, әдемі болады. Осындай жерге дән сіңіру де жақсы. Енді ауа райы қолбайлау болмаса, 10 күнен соң егін себу науқанын бастаймыз.

Жер байлықтың анасы болса, әкесі-еңбек. Осы қағиданы ұстанған Александр Фильберт 20 жылға жуық уақыт осы іспен айналысып, нәпақа тауып келеді. Ол басшылық ететін шаруа қожалық қарамағында 1 мың га-дан астам жер бар. Соның жарты бөлігінің 2018 жылы жалға беру мерзімі аяқталады екен. Бұл ретте диқан жер туралы кодекс уақытылы шықты деп отыр.

Александр Фильберт- «Фиат» ШҚ директоры, Аққайың ауданы:

– Диқандар үшін жерді сатып алуға мүмкіндік туғаны жақсы болды. Әсірісе, 50 пайыздық құнын төлеп алу бұл шаруаларға тиімді болмақ. Шыныменде, жер кімнің меншігінде болса, сол оған көзінің қарашығындай қарап, тыңайтқыштар сеуіп, оған жақсы қарай бастайды. Өйткені ол өзіне тиесілі. Ертең жерді жалға алу уақыты біткен соң, оның мерзімін ұзартамын ба, жоқ па деген сауалдар да туындамайтын болады.

Александр Фильберт болашағын ойлап, келешек ұрпағының жақсы өмір сүруін көздейтін әр диқан жерді сатып алуға асық дейді. Бұл ойын ол ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырманмен өткен кездесу барысында да айтып, бұған қатысты өз ұсынысын да жеткізді. Оны елордадан келген халық қалаулысы жоғарғы жаққа міндетті түрде жеткізбек.

Кәрібай Мұсырман- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Жерді 15 жылдан артық пайдаланған.табысты жұмыс істеген азаматтарға жерді тегін беру мүмкіндігі қарастырылса деген ұсынысын айтты. Мұндай тәжірбие Ресейдің Пермь облысында бар екен. Бұл мәселелерді тиісті органдарға жеткіземіз.

Халықтың депутатпен кездесуі барысында «Мәңгілік ел» партиоттық актісі және білім берудегі өзгерістер талқыланды.

 

Магжан Ахмадина