Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Петропавлдағы кәсіпорындарды аралады

Бүгінде саудаға осы техниканың 17-сі қойылыпты. “Қазтехмаш” кәсіпорны агрегаттардың жартысын былтыр, қалған бөлігін биыл жинапты.

Сәбит Шәкенов – “”КазТехМаш” машина жасау зауыты” ЖШС бас директоры:

– Биылғы жылы біз 28 комбайнды жасамақпыз. Сонымен қатар сервистік қызмет жұмысын күшейтетін боламыз.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов зауытта жүріп жатқан өндіріс үдерісімен танысты. Бүгінде кәсіпорын 40-қа жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Казтехмаш зауытындағылар алдағы уақытта ресейліктермен жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Бұны облыс әкімі қолдауда, қауымдастық құрса жақсы болады дейді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Біздің зауыттар, мысалы Петропавл ауыр машина жасау зауыты, гидроцелиндрларды әзірлейді. Бұл бөлшекті Санкт-Петербург қаласында жасайтын барлық 2 мың машинаға дайындауымыз қажет. Әрине қауымдастықтың арқасында. Егер біз тауарды көрші елге және өзімізге таситын болсақ, онда түйіндерді де осында жасау керек.

Ал бұл “Радуга” ЖШС өнеркәсіптік аймағы. Өндіріс ошағының директоры Дмитрий Шарапаев облыс әкімі Ерік Сұлтановқа кәсіпорынның қуатын көрсетті. Қазір мұнда жаңа цехтың құрылысы жүріп жатыр. Жалпы қыркүйек айында жылдам дайындалатын кеспе шығаруды жоспарлануда.

Дмитрий Шарапаев – “Радуга” ЖШС директоры:

– Өнім “Роллтон”, “Доширак” кеспелеріне ұқсас. Бірақ мұндай өнім елімізде әлі жоқ. Вьетнам, Жапония және Қытай технологияларымен қатар өзіміздікін де қолданамыз. Жылдам әзірленетін бесбармақ кеспесін шығаруды қолға аламыз.

Өндіріске қажетті шикізаттың негізі ұн – жергілікті кәсіпкерлердікін пайдалануды жоспарлап отыр. Цехтың қуаттылығы бір ауысымда 160 мың қорап. Айта кету қажет, жаңа өндіріс іске қосылысымен 30-40-қа жуық жұмыс орын пайда болады.

Ал бұл жүгері таяқшалары мен құрғақ таңғы ас өндіретін цех. Мұнда биылдан бастап тауарды 10 аталымға дейін кеңейтіпті.

–  Картофель обыкновенный, но, он специально сушится и обрабатывается. Заварил, через несколько минут всё готово.

Айта кету керек, жылдам әзірленетін кеспе “Радуга” ЖШС өндіретін жалғыз жоба емес. Алдағы уақытта мұнда макулатураны қайта өңдеу мен қағаз бұйымдар шығаратын зауытты салуды жоспарлауда.

Риат Шони