МТРА жаңалықтары

Петропавлда психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды

Мұнда мамандар денсаулығында кінәраты бар балалардың дамуына көмектесіп, түрлі жаттығулар жасатады. Бүгін кабинеттің жұмысымен танысқан аймақ басшысы Ерік Сұлтанов мекемеде көрсетілетін қызметтерді сұрастырды.

Ерік Сұлтаов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Сюда только дети с города Петропавловска могут приезжать?

– Да, только город Петропавловск.

Негізі бір ғимараттың ішінде екі бірдей мекеме орналасқан. Біріншісі – облыстық білім басқармасының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес кабинеті болса, екіншісі – қалалық білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті. Ең әуелі аймақ жетекшісі алғаш аталған мекемемен танысты. Мұнда 6 педагог жұмыс істейді. Ішінде 8 бөлме бар екен. Мамандар баланың диагнозына байланысты 7 бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар өңір аудандары мен Петропавл қаласындағы 2 жарым мыңнан астам мүгедек баланың денсаулығына диагностика жасап, кеңестер береді. Кейін балғындар мына психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне, емдеуден өтуге жөнілтіледі. Қос мекеме де тиісті құралдармен қамтылған.

Валентина Гирц – Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі:

– Біз мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне денсаулығына байланысты бара алмайтын балаларға көмектесеміз. Яғни 6 жасқа дейінгі балғындар. Жалпы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мекемесінің есебі бойынша біздің қызметке 215 петропавлдық бала мұқтаж. Қазір оның 37-мен сабақ өткізіп жатырмыз.

Бүгінде мұнда 8 білікті маман жұмыс істейді. Солардың бірі педагог-психолог Людмила Беспятова. Нәзік жанды ойын бөлмесінде балалармен түрлі ойындар ойнап, олардың дамуына көмектесетін жаттығулармен көңілдерін баулиды.

Людмила Беспятова – Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагог-психологы:

– Балалар бұл бөлмеде еркін қимылдап, ойнай алады. Яғни қимы-қозғалыстың дамуына септеседі. Ол үшін мұнда жұмсақ жолақтар мен ойыншықтар бар. Егер бала құлап қалса жарақат алмайды. Сонымен қатар құм терапиясы да бар.

Нысан ішін аралап, барлық кабинеттер мен оның мүмкіншіліктерін байқап көргеннен соң облыс әкімі Ерік Сұлтанов ата-аналармен тілдесті. Дина Жапарованың екі ұлы бар. Кенжесі Әлихан 6 жаста. Эпиллепсиямен ауырады екен. Отанасы осындай нысанның ашылуына дән риза.

Дина Жапарова – ата-ана:


–  Біз осындай кабинеттің ашылғанына өте қуаныштымыз. Бұған дейін Алматы, Астана және де шетел асып балаларымызды апаратынбыз. Енді өзімізде ем-домды қабылдай аламыз.

Бүгінде Петропавлда 1539 мүмкіндігі шектеулі бала тұрады. Соңғы кезде психикасы мен психологиялық дамуы бұзылған балғындардың саны артқан. Қазіргі таңда олардың қатары 137-ге жетіп отыр.

Ерік Сұлтаов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Елбасы балаларды ертеден жетілдіру керектігін айтқан болатын. Сол бағытта міне осындай кабинетті аштық. Материалдық-техникалық базасы сапалы.

Негізі психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу мен жабдықтауға қала бюджетінен 11 млн 200 мың теңге қаражат жұмсалды.

Риат Шони